
Саламатов Талғат Амангелдіұлы
Басқарма басшының орынбасары
Өмірбаян
1975 жылы Қостанай облысы Денисов ауданы Покровка ауылында дүниеге келген. 1996 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «ЕТ және АБЖ бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша бітірген. 2004 жылы Челябі мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы Таран ауданында мектеп мұғалімі болып бастаған. 1996-2005 жылдары Қостанай облысы Білім департаментінде мектеп директоры, меңгерушінің орынбасары, білім бөлімінің меңгерушісі, бас маман, бөлім басшысы болып жұмыс істеді.
2005-2013 жылдары Қостанай облысы әкімі аппаратында бас маман, бас инспектор, бөлім басшысы болып жұмыс істеді.
2013 жылдан 2022 жылға дейін Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
2022 – 2023 жылдары Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
2023 жылғы желтоқсаннан 2025 жылғы наурызға дейін Қостанай облысы әкімдігі кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.
2025 жылдың сәуір айынан бастап Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары.

