
Шәкәрғалиев Қайыржан Жұмкешұлы
Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары
Өмірбаян
Шәкәрғалиев Қайыржан Жұмкешұлы-Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары
Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Қайыржан Жұмкешұлы Шәкарғалиев.
2000 жылы Павлодар мемлекеттік университетін, С. Торайғыров, 2003 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген. Заңгер.
2002 жылдан – Павлодар қаласы ІІБ учаскелік полиция инспекторы.
2006 жылдан – Павлодар облысы ІІД Жол полициясы ротасы қызметінің инспекторы.
2008 жылдан – Павлодар облысы ІІД Жол полициясы батальоны взводының командирі.
2010 жылдан – Павлодар облысы ІІД Жол полициясы жеке батальоны командирінің орынбасары.
2012 жылдан - Павлодар облысы ІІД жол-патрульдік қызметінің жекелеген арнайы ротасының командирі.
2013 жылдан – Павлодар облысы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары.
2014 жылдан – Павлодар қаласы ІІБ жол-патрульдік полиция батальонының командирі.
2020 жылдан – Екібастұз қ. ПБ бастығының бірінші орынбасары.
2022 жылдан - Павлодар облысы Екібастұз қаласы полиция басқармасының бастығы.
2024 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін-Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары.





