Скляр Василий Васильевич

    Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы

    Скляр Василий Васильевич
    Бастық

    Скляр Василий Васильевич

    Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы

    Өмірбаян

    Арнайы атағы - полиция генерал-майоры

    2006 жылы Б. С. Бейсенов атындағы Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды заң институтын, 2012 жылы Б.С. Бейсенов атындағы Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясын бітірді.

    2000 жылдан – Қазақстан Республикасы ІІМ Павлодар заң колледжінің курсанты.

    2002 жылдан – Павлодар қаласы ІІБ учаскелік полиция инспекторы.

    2005 жылдан бастап –Павлодар қ. Солтүстік ІІБ КПБ тұлғаға қарсы қылмыстарды ашу тобының жедел уәкілі.

    2010 жылдан – Павлодар облысы Павлодар ауданы ІІБ криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы.

    2012 жылдан бастап-Қазақстан Республикасы ІІМ Криминалдық полиция комитетінің Жеке тұлғаға қарсы қылмыстарды ашуды ұйымдастыру басқармасы өткен жылдардағы кісі өлтіруді ашуды ұйымдастыру бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі.

    2016 жылдан – Солтүстік Қазақстан облысы ІІД КПБ бастығының орынбасары.

    2017 жылдан – Павлодар облысы Ақсу қаласының ІІБ бастығы.

    2019 жылдан-Павлодар облысы Екібастұз қаласы Полиция басқармасының бастығы.

    2022 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін — Павлодар облысы ПД бастығы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері