
Жампейісов Сафуан Ашмұханұлы
Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары
Өмірбаян
2008 жылы Б.С. Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды заң институтын бітірді
Қызметті 2008 жылы Қарағанды облысы ІІД Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының Ішкі істер басқармасы тергеу бөлімінің меншікке қарсы қылмыстарды тергеу бөлімінің тергеушісі қызметінен бастады.
2009-2012 жылдары Қарағанды облысы ІІД Қарағанды қаласы Ішкі істер басқармасы Орталық полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің тергеушісі (ұйымдық-штаттық өзгерістерге байланысты).
2012 жылы Қарағанды облысы ІІД Теміртау қаласы Ішкі істер басқармасының Шығыс полиция бөлімі анықтау бөлімшесінің бастығы болып тағайындалды. 2033 жылғы мамырдан қыркүйекке дейін Қарағанды облысы ІІД Қарағанды қаласы Ішкі істер басқармасы Октябрь полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі.
2015 жылдан 2016 жылға дейін Астана қаласы ІІД Алматы ауданы ІІБ тергеу бөлімінің меншікке қарсы қылмыстарды тергеу бөлімі бастығы орынбасарының міндетін атқарушы.
2016 жылдан 2017 жылға дейін тергеу бөлімі бастығының орынбасары әрі аудан ІІБ меншікке қарсы қылмыстарды тергеу бөлімшесінің бастығы.
2017 жылғы ақпаннан 2018 жылғы шілдеге дейін Астана қаласы ІІД Есіл ауданы ІІБ тергеу бөлімінің бастығы.
2018 жылдан 2019 жылға дейін Астана қаласы Полиция департаменті Байқоңыр ауданының полиция басқармасы бастығының тергеу жөніндегі орынбасары.
2020 жылдан 2021 жылға дейін Орал қаласы ПБ бастығының орынбасары.
2021 жылдың тамызында Қостанай облысы ПД тергеу басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды.
2022 жылдың тамыз айынан Ұлытау облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары.
2024 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары.





