
Өмірбаян
Абдыкалиева Меруерт Шайласқызы 1973 жылы 10 ақпанда Талдықорған облысы Алакөл ауданы Коммунизм (Жайпақ) ауылында дүниеге келген . Ұлты-қазақ. Білімі – жоғары заң және педагогикалық. О. Жолдасбеков атындағы академия - құқықтану академиясын, І. Жансүгіров атындағы мемлекеттік университеті -педагог-психолог.
Еңбек жолын 1995 жылы Алакөл ауданы Үшарал қаласының №1 орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастады, Талдықорған қаласының №19 орта мектебінде педагог-ұйымдастырушы, Талдықорған қаласының №4 орта мектебінде лаборант, Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының бас маманы болып жұмыс істеді.
2014 жылдан бастап облыстық білім басқармасында жетекші, бас маман болып жұмыс істеді.
2024 жылдың наурыз айынан бастап Тәрбие жұмысы, қосымша білім беру , қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.





