
Өмірбаян
Бухарова Анар Қанатқызы 1981 жылы туылған. Жоғары білімді. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін 2001 жылы аяқтаған.
Еңбек жолын Ескелді ауданы С.Сейфуллин атындағы орта мектепте мұғалім болып бастап, Жетісу әлеуметтік-гуманитарлық колледжінде педагог-ұйымдастырушы ретінде жалғастырды.
2004 жылдан бері облыстық білім басқармасында жұмыс жасап келеді.
2022 жылдың шілдесінен бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, техникалық және кәсіптік білім беру, мемлекеттік қызмет көрсету, кадрмен қамтамасыз ету және құжатайналымы бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.





