Мырзаханова Жулдыз Жанархановна

    Бөлім басшысы

    Мырзаханова Жулдыз Жанархановна
    Руководитель отдела

    Мырзаханова Жулдыз Жанархановна

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    Мырзаханова Жулдыз Жанархановна 3 қазан 1979 жылы Талдықорған облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі – жоғары педагогикалық. І.Жансүгіров атындағы Талдықорған мемлекеттік универтитетін аяқтаған. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, педагог-шебер. Филология мамандығы бойынша гуманитарлық ғылым магистрі.

    Еңбек жолын 2000 жылы Алакөл ауданы Үшарал қаласының №2 орта мектебінде ағылшын тілі пәні мұғалімі болып бастаған;

    2010 - 2013 жылдары Алакөл ауданы Үшарал қаласының №2 орта мектебінде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

    2013 қаңтар - 2013 қыркүйек Алакөл ауданы Үшарал қаласының №2 орта мектебінде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары;

    2013 қыркүйек –2015 қыркүйек «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Әдістемелік кабинеті», әдіскер;

    2015 қыркүйек –2015 қараша Алакөл ауданы Ушинский атындағы орта мектебінде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары;

    2015 - 2022 жылдары «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы», Алакөл аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскері;

    2022 - 2024 жылдары Жетісу Дарыны облыстық дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау оқу-әдістемелік орталығы, әдіскер

    2024 жыл 28 мамырынан бастап Жетісу облысы білім басқармасының Мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері