
Есембаева Жанар Сәкенқызы
Шалабай ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
1967 жылдың наурыз айының 1 жұлдызында Гурьев облысы Қызылқуға ауданы Мұқар стансасында дүниеге келді. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1986 жылы Алматы қаласының Қазақ педагогикалық институтына түсіп, 1991 жылы аталған институтты химия және биология пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.
1991 және 1992 жылдар аралығында Алматы облысы Күрт ауданы Сартауқұм ауылында биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарды. 1992 және 1996 жылдар аралығында Семей облысы Шар ауданы Қарақоға мектебінде химия және биология пәндерінің мұғалімі қызметін атқарды. 1996 жылдан 2009 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Шалабай ауылының Крупская орта мектебінде химия және биология пәндерінің мұғалімі болып жұмыс атқарды. 2009 жылдың тамыз айында Шалабай ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды. Отбасылы. Екі баланың анасы.




