
Асанова Маржан Әлімханқызы
«Жарма ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің басшысы
Өмірбаян
0 тамыз 1976 жылы Семей облысы Жарма ауданы Михайловка ауылында туған. 1996 жылы М.Төлебаев атындағы Семей музыка колледжін хореография ұйымының жетекшісі мамандығы бойынша, 2015 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін тарих мамандығы бойынша бітірді
Еңбек жолын 1996 жылы Ш.Уалиханов атындағы "Жас ұлан" ерлер лицейінің хореография пәнінің мұғалімі ретінде бастады. 1997-2002 жылдары Қызылағаш орта мектебінің ритмика және дене шынықтыру пәні мұғалімі; 2002-2010 жылдары Жарма аудандық мәдениет үйінің әдіскері; 2010-2019 жылдары Жарма аудандық мәдениет үйі директорының орынбасары, Мәдениет үйінің директоры; 2019 жылдың маусым-қыркүйек айлары Жарма аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарды.
2019 жылдың 17 қыркүйегінен Жарма ауданының өкімімен «Жарма ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің басшысы лауазымына тағайындалды.




