Терлікбаев Берік Серікқанұлы

    Жарма ауданы әкімінің орынбасары

    Терлікбаев Берік Серікқанұлы
    Заместитель акима

    Терлікбаев Берік Серікқанұлы

    Жарма ауданы әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    Терлікбаев Берік Серікқанұлы 1973 жылы 7 сәуірде Семей облысы Таскескен ауданы Қарақол ауылында дүниеге келген.

    1996 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік қызмет академиясын «Маркетинг және коммерция» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Еңбек жолын 1990 жылы Семей облысы Аягөз ауданының «Таңсық» совхозы құрылыс бөлімінде жұмысшы болып бастаған.

    1991–1996 жылдары Семей облысы Аягөз ауданы Тарлаулы ауылындағы «Береке» шағын кәсіпорнының директоры қызметін атқарған.

    1996–1997 жылдары Аягөз ауданы әкімінің жанындағы мемлекеттік мүлік орталығының бас маманы болды.

    1997–1999 жылдары Аягөз ауданы әкімдігі экономика бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

    1999 жылдың ақпан–қараша айлары аралығында «Қазагрополис» мемлекеттік ауыл шаруашылығын сақтандыру компаниясының Семей өкілдігі бойынша Аягөз ауданындағы өкілі қызметін атқарды.

    1999–2002 жылдары Аягөз аудандық салық комитетінің салық төлеушілермен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас салық инспекторы болды.

    2002–2003 жылдары Аягөз аудандық салық комитетінің жеке тұлғаларды аудиттеу бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

    2003–2005 жылдары Аягөз ауданы статистика секторының меңгерушісі болды.

    2005 жылдың сәуір–қараша айлары аралығында «Горводоканалстрой» КМК директоры қызметін атқарды.

    2005–2010 жылдары «Аягөз су» КМК директоры болды.

    2011–2012 жылдары Аягөз ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

    2012–2021 жылдары Шығыс Қазақстан облысы статистика басқармасы бастығының орынбасары болды.

    2021–2022 жылдары Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарды.

    2022–2026 жылдары Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Абай облысы бойынша департаментінің басшысы болды.

    2026 жылғы 12 мамырдан бастап Абай облысы Жарма ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері