
Шәймерден Мақсат Болатқұлұлы
Депутат
Өмірбаян
Мен, Шәймерден Мақсат Болатқұлұлы 1990 жылы 27 маусымда дүниеге келдім. Шу қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінде білім алдым. Мектеп қабырғасынан кейін 2015 жылы Шу қаласындағы «Құқық және бизнес» гуманитарлық колледжін «құқықтану» мамандығы, 2019 жылы Тараз қаласындағы Халықаралық Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «экономика» мамандығы бойынша тәмамдадым. Отбасылымын. 2 қызым бар.
Еңбек жолымды 2013 жылы «Шу-Чу» ЖШС-нің меңгерушісі болып бастап, 2020 жылға дейін жетекшілік жасадым.
2020-2021 жж. Шу ауданы «Жастар ресурстық орталығының» бизнес-тренері;
2021-2023 жж. Шу аудандық «Жастар ресурстық орталығының» «ұйымдастыру және бақылау» бөлімінің басшысы болып қызмет атқардым.
2023 жылдың тамыз айынан бастап «Шу қалалық жастар ресурстық орталығының» директоры қызметін атқарып келемін.





