
Депутат маслихата
Мәткерімов Мақсат Бименұлы
Депутат
Өмірбаян
Мен, Мақсат Бименұлы Мәткерімов 1989 жылы 27 ақпанда Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле би ауылында дүниеге келдім.
1996 жылы М.Мақатаев орта мектебіне 1 сыныпқа бардым.
2006 жылы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университетінің «Емдеу ісі» факултетіне түсіп, аталған университетті 2013 жылы «Жалпы тәжірибелі дәрігер» мамандығы бойынша бітірдім.
Заңды некеде тұрамын. 1 ұл, 2 қыз тәрбиелеудемін.
Еңбек жолым:
- 2009-2013 жылдары Алматы қаласы №4 қосалқы жедел жәрдем станциясында «разъездегі санитар», «разъездегі фельдшер»
- 2014 жылы Шу аудандық орталық ауруханасында Қабылдау бөлімінің дәрігері
- 2014-2015 жылдары Көктөбе дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері
- 2015-2021 жылдары Шу аудандық орталық емханасында дәрігер психиатр-нарколог
- 2021 жылдан бастап Шу аудандық орталық ауруханасының Консультативті-диагностикалық емханасының меңгерушісі болып тағайындалдым.





