Оспанова Улжан Абидильдаевна

    Депутат

    Оспанова Улжан Абидильдаевна
    Депутат маслихата

    Оспанова Улжан Абидильдаевна

    Депутат

    Өмірбаян

    Оспанова Ұлжан Абдильдаевна Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Құмжота ауылында 1974 жылдың 11-ші қарашасында дүниеге келген.

    1992 жылы Байзақ ауданының Ровное атындағы орта мектебінің 11 сыныбын аяқтады.

    1999 жылы Тараз қаласындағы Тараз мемлекеттік Университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын тәмамдаған.

    Назарбаев Зияткерлік мектебінің жетекші мектеп облыстық семинарына қатысып «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы көшбасшы» сертификатын иеленген.

    2016 жылы «Нұр Отан » партиясының алғыс хатын, 2017 жылы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын іске асыруға қосқан үлесім үшін «Үздік мекеме басшысы » алғыс хатын иеленген.

    2018 жылы «Самғау» Республикалық Қазақстан педагогтарының біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының І Республикалық ғылыми- практикалық «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында кәсіби шеберлікті арттыру» конференциясына қатысып алғыс хат иеленген. Сонымен қатар Назарбаев Зияткерлік мектебінің «100 кітап, 100 ән» жобасына қатысып ІІІ дәрежелі дипломына ие болған.

    2019 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлау әзірлеу мен өткізу барысында көрсеткен белсенділігі үшін аудан әкімінің алғыс хатына, мектеп түлектері «Үздік студент » атанғаны үшін ЖОО- ы ректорының алғыс хатына ие болған.

    Тұрмыста, 2 ұл тәрбиелеп отыр.

    2001-2010 жылдар аралығында Шу ауданы Қонаев ауылындағы Төле би атындағы орта орта мектебінде қазақ тілі мен, әдебиет пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген.

    2010-2016 жылдар аралығында Шу ауданы Әкімдігінің білім бөлімінің «Жалпы білім беретін кешкі мектебі» КММ - де директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарған.

    2016 оқу жылы тамыз айының 4- жұлдызынан бастап Шу ауданы Әкімдігінің білім бөлімінің «Жамбыл атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры болып тағайындалып, қазіргі таңға дейін қызмет атқарып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері