Тлеулиев Кенжеәлі Дербісәліұлы

    Облыстық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері

    Тлеулиев Кенжеәлі Дербісәліұлы
    Директор

    Тлеулиев Кенжеәлі Дербісәліұлы

    Облыстық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері

    Өмірбаян

    Тілеулиев Кенжеәлі Дербісәліұлы - "Ұлттық медицина қауымдастығы" РҚБ Қызылорда облысы бойынша филиалының президенті. Медицина ғылымдарының кандидаты, "Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру"мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатты дәрігер.
    1971 жылы ҚР Қызылорда қаласында дүниеге келген.
    1996 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетін бітірген. Институтты бітіргеннен кейін "балалар хирургиясы"мамандығы бойынша Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында резидентурадан өтті. 1999 жылы – Қызылорда қаласы облыстық ауруханасының рентген-диагностикалық бөлімшесінде дәрігер-эндоскопист; 2000 жылы – осы аурухананың қабылдау бөлімінің меңгерушісі; 2001 – 2004 жылдары – облыстық денсаулық сақтау басқармасының реформалау, маркетинг және ақпараттандыру бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. 2004 жылдан 2023 жылға дейін Қызылорда облыстық консультативтік-диагностикалық орталығының бас дәрігері қызметін атқарды. 2023 жылдың 5 желтоқсанынан бастап облыстық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері болып тағайындалды.
    "ҚР Денсаулық сақтау үздігі" төсбелгісімен марапатталған. "Ұлттық медициналық қауымдастық" республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары наградасының иегері – "Алтын Дәрігер" төсбелгісі, "Ave Vitae"ордені.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері