
Әмір Нұрлан Әмірұлы
Облыстық фтизиопульмонология орталығының бас дәрігері
Өмірбаян
Әмір Нұрлан Әмірұлы 1968 жылдың 25 қазанында Қызылорда облысының Шиелі ауданы, Жиделіарық ауылында дүниеге келдім. Ұлтым қазақ. Орта мектепті 1985 жылы бітіргеннен кейін Н.Бекежанов ауылында колхозшы болып жұмыс атқардым. 1986 жылы Ақтөбе Мемлекеттік медицина институтының «Емдеу ісі» факультетіне І курс студенті болып қабылдандым. 1987-1989 жылдар аралығында кеңес әскері қатарында борышын өтедім. 1994 жылы Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «Дәрігер» мамандығы бойынша бітіріп шықтым.
Еңбек жолын 1994 жылы 08 тамызынан бастап, Шиелі аудандық ауруханасының реанимация бөлімінде дәрігер анестезиолог-реаниматолог мамандығы бойынша бастадым.
2003 жылдың 31 желтоқсанында Шиелі аудандық ауруханасының бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалдым.
2009 жылы 07 шілдесінде Шиелі аудандық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері қызметіне тағайындалдым.
2010 жылдың 02 наурызында Шиелі аудандық емханасының бас дәрігері қызметін атқардым.
2013 жылдың 27 қыркүйегінен бастап Шиелі аудандық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері.
2016 жылдың 05 желтоқсанынан бастап, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының 01.11.2016 жылғы №1254 бұйрығына сәйкес, Шиелі аудандық туберкулезге қарсы диспансерінің қызметі тоқтатылып «Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Шиелі аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының құрылымдық бөлімшесі болып қайта құрылуына байланысты «Туберкулезге қарсы» бөлімшесінің меңгерушісі лауазымына тағайындалдым және «Психиатриялық» бөлімшесі меңгерушісі лауазымын қоса атқардым.
2019 жылдың 28 мамырында Шиелі ауданаралық ауруханасының «Аурухана» бөлімінің меңгерушісі.
2019 жылдың 31 мамырынан Шиелі ауданаралық ауруханасының бас дәрігері.
2023 жылдың 2 қазан айынан Қызылорда облыстық фтизиопульмонология орталығы директордың пациенттерді қолдау және ішкі аудит жөніндегі орынбасары.
2023 жылдың 17 қазан айынан бастап директордың уақытша міндетін атқару қызметіне тағайындалдым.
2023 жылдың қараша айының 9 жұлдызынан бастап Қызылорда облыстық фтизиопульмонология орталығның директор қызметін атқарудамын.





