
Абдирасулов Даулетбек Жәнібекұлы
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқарма басшысының орынбасары
Өмірбаян
Абдирасулов Даулетбек Жәнібекұлы 1967 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданына қарасты Майлыбас ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1992 жылы Қазалы асыл тұқымды қаракөл қой совхозында зоотехник қызметінен бастаған. Кейін әр жылдары ауыл шаруашылығы саласында түрлі жауапты қызметтер атқарып, кәсіби тәжірибесін шыңдады. Атап айтқанда, 1993 жылы Сырдария ауданы ауыл шаруашылығы басқармасында бас зоотехник, 1997 жылы Қызылорда қалалық әкімшілігінде аға маман қызметтерін атқарды.
1999 жылдан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясында мал тұқымын асылдандыру бөлімінің бастығы қызметін абыроймен атқарды. Бұл салада жинақтаған тәжірибесі негізінде 2011 жылы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығын дамыту бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
Кейінгі жылдары да жауапты лауазымдарда қызмет етіп, 2020 жылы Қызылорда қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы, 2021 жылдан бүгінгі күнге дейін мал шаруашылығын дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.


