Руководитель управления
Дүйсебаев Талғат Тұрсынұлы
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы
Өмірбаян
Талғат Дүйсебаев 1973 жылы Жалағаш ауданында дүниеге келген. Қызылорда политехникалық институтын және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын Жалағаш аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастады.
1993-1994 жылдары "Агроөнеркәсіп техника" бірлестігінің техникалық айырбастау бөлімнің жұмысшысы болып қызмет атқарды.
1994-1997 жылдары Қызылорда облысының Жалағаш аудандық білім бөлімінің есепшісі, 1997-1998 жылдары Қызылорда облысының Жалағаш ауданының № 202 орта мектебінің есепшісі, 1998-1999 жылдары Жалағаш ауданы әкімі аппаратының экономика және кәсіпкерлікті қолдау секторының бас маманы, 1999-2002 жылдары Жалағаш ауданы әкімі аппаратының экономика және кәсіпкерлікті қолдау секторының бас маманы, 2002-2004 жылдары Жалағаш аудандық экономика және кіші кәсіпкерлікті қолдау бөлімнің бас маманы, 2005-2006 жылдары облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім бастығы болып қызметтерін атқарды.
2006-2011 жылдары облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары болып, 2011-2014 жылдары облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы боп қызмет атқарды.
2014-2017 жылдары Жалағаш ауданының әкімі, 2017-2020 жылдары облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы лауазымды атқарды.
2020-2021 жылдары Сырдария ауданының әкімі қызметін атқарып, 2021 жылдың маусым айынан бастап облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы болып қызметін атқарып келеді.