
Баимбетов Ғалым Орынбасарұлы
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқарма басшысының орынбасары
Өмірбаян
Баимбетов Ғалым Орынбасарұлы 1984 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2001-2012 жылдары Қызылорда қаласының №23 орта-мектебінде білім алған. 2007 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетінде «Заңтану» мамандығын және 2012 жылы Болашақ университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын бітірген.
2007-2010 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы;
2010-2011 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бастығы;
2011 жылы Қызылорда облысының мұрағаттар мен құжаттама басқарма басшысының орынбасары;
2011-2013 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы-құқық қорғау органдарымен жұмыс секторының меңгерушісі;
2013-2015 жылдары ҚР Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы;
2015 жылы Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр жұмысы) бөлімінің басшысы;
2015-2016 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы;
2016-2017 жылдары «Байкен-U» ЖШС («КазАтомПром» ҰҚ еншілес компаниясы) заң бөлімінің бас менеджері; 2017-2018 жылдары «Байкен-U» ЖШС («КазАтомПром» ҰҚ еншілес компаниясы) материалдық –техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бас менеджері; 2018-2019 жылдары ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ-ның бас инженері.
2019 жылдың 13 қарашасынан бастап Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарып келеді.
Қазіргі таңда, Ғалым Орынбасарұлы отбасында бір ұл және екі қыз тәриелеп отыр.


