
Өмірбаян
1989 жылы 14 сәуірде Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Алтықарасу ауылдық округі, Еңбекші ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары.
2010 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті «Темір аудандық мәдениет бөлімі» ММ жастар практикасынан бастаған.
2012 жылы «Темірхан» ШҚ, әлеуметтік жұмысшы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті.
2013 жылы Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті «ГНПФ Зейнетақы қоры» АҚ маман.
2015 жылы «Темір ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық жұмыстары жөніндегі бас маман.
2016 жылы «Темір ауданы әкімі аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық және терроризмге қарсы комиссия жұмыстарын үйлестіру бөлімінің бас маманы.
2017 жылы «Шұбарқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маман.
2018 жылы «Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру және құжаттамалық құрылымдық бөлімшенің бас маманы.
2018-2021 жылдары «Темір ауданы әкімі аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің басшысы.
2021-2025 жылдары «Темір аудандық әкімі аппараты» ММ құжаттамалық қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру және ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы.
01.05.2025 бастап «Темір аудандық әкімі аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық жұмыстарын және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру құрылымдық бөлімше басшысының қызметін атқарып келеді.


