
Өмірбаян
1974 жылы 23 ақпанда дүниеге келген.
Білімі жоғары. 1992 жылы Октябрь қалалық №4-ші училищесін «Азық-түлік дүкеннің сатушысы» мамандығы, 2007 жылы С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті жанындағы колледжді «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы, 2011 жылы С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1991 жылы құрылыс және архитектура бөліміне техник-құрылысшы қызметіне кіріп, 1993 жылы өз еркіммен босаған.
1993 жылы аудан әкімшілігіне секретарь-машинистка болып қызметке тұрған. 1998 жылы секретарь-машинистка қызметінен босап, құжаттамалық іс-қағаздар жүргізуші маманы қызметіне ауысқан. 2007 жылы аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы, 2018 жылдан бастап аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы лауазымын атқарады.





