
Өмірбаян
1992 жылы 15 мамырда Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кентінде дүниеге келген. Ұлты қазақ. Қазақстан Республикасының азаматы.
Білімі жоғары.
- 2011 жылы Ақтөбе кооперативтік колледжін «құқықтану» мамандығы;
- 2016 жылы Қазақ-Орыс Халықаралық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
- 2011-2012 жылдар аралығында Темір аудандық әділет басқармасында жастар тәжірибесі;
- 2012-2018 жылдар аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті» маман-технигі, маман, бас маман, бөлім басшысы;
- 2018-2021 жылдар аралығында «Темір аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-нің бас маманы;
- 2021-2022 жылдар аралығында «Темір ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің бас инспекторы;
- 2022-2023 жылдар аралығында «Қарғалы аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-нің бөлім басшысы;
- 2023-2024 жылдар аралығында «Темір аудандық мәслихатының аппараты» ММ-нің бас маманы;
- 2024-2025 жылдар аралығында «Темір ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің бас инспекторы;
- 2025 жылдың 7 наурызынан бастап бүгінгі күнге дейін Темір аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.




