
Бижанов Қайрат Жақияұлы
Заместитель Председателя Агентства РК по финансовому мониторингу
Өмірбаян
Жалпы ақпарат, білімі
Бижанов Қайрат Жақияұлы 1969 жылы 31 мамырда Қостанай облысында дүниеге келген.
Білімі жоғары:
1995 ж. - Қостанай ауыл шаруашылығы институты, агрономия мамандығы. 1999 ж. - А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, құқықтану мамандығы.
Мансап
1994-2001 жылдары - Қостанай облысы бойынша салық полициясында инспектор және басшылық лауазымдардағы қызмет
2001-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігінің Қостанай облысы бойынша Қаржы полициясы департаментінің басшылық лауазымдарындағы қызмет
2005-2014 жылдары - Қостанай, Жамбыл, Ақтөбе, Алматы облыстары бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басшылық лауазымдарындағы қызмет
2015-2017 жылдары - Қазақстан Халық банкі АҚ қауіпсіздік жөніндегі өңірлік менеджері
2017-2018 жылдары - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі
2018-2019 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті соттарында ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінде басшылық лауазымдарындағы қызмет
2019-2021 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы
2021 – ақпан 2024 Ж. - Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы
2024 жылғы 21 ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының орынбасары



