
Елемесов Жеңіс Фарахатұлы
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары
Өмірбаян
Елемесов Жеңіс Фарахатұлы 1978 жылғы 9 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысында туылған.
Білімі жоғары:
2000·ж. – Қазақ мемлекеттік заң академиясы, мамандығы заңгер.
2002 ж. – Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, мамандығы экономист.
2013 ж. – "МИРБИС" Мәскеу Халықаралық Жоғары бизнес мектебі, біліктілігі – іскерлік әкімшілік шебері (MBA), мамандығы -стратегиялық басқару және бизнес саясаты.
2014 ж. – РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясы, біліктілігі-Менеджер, мамандығы – Мемлекеттік және муниципалдық басқару.
2000-2008 жж. – Алматы облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес Департаментінде инспектор және басшылық лауазымдардағы жұмыс.
2008-2010 жж. – Астана қаласы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінде басшылық лауазымдардағы жұмыс.
2010-2012 жж. – мемлекеттік емес коммерциялық және қаржы құрылымдарындағы жұмыс.
2012-2014 жж. - Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысының орынбасары (сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелеріне басшылық етуші).
2014-2019 жж. – мемлекеттік емес коммерциялық және қаржы құрылымдарындағы жұмыс.
2019 ж. – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінде басшылық лауазымдардағы жұмыс.
2019 жылғы 11 қарашадан 2021 жылғы 3 ақпанға дейін - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы.
2021 жылғы 3 ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының орынбасары.



