
Рымбек Ақдидар Нұрланұлы
Басқарма басшысының орынбасары
Өмірбаян
1995 жылы Қарағанды облысы Абай ауданында дүниеге келген.
Білімі:
2017 жылы техникалық ғылымдар және технологиялар бакалавры Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті.
2018 жылы экономика және бизнес магистрі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті.
2018 жылдан бастап мемлекеттік қызметте.
Еңбек жолын "Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" ММ тау-кен металлургия өнеркәсібі бөлімінің бас маманы қызметінен бастады.
2020 жылдан 2023 жылға дейін тау-кен металлургия өнеркәсібі бөлімін басқарды.
2024 жылдың қаңтар айынан бастап Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
2025 жылғы 9 шілдеден бастап – басқарманың қайта құрылуына байланысты "Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары болып тағайындалды.
