
Молдакаримов Алибек Рысбаевич
Басқарма басшысының орынбасары
Өмірбаян
1994 жылы 1 қарашада Қарағанды қаласында дүниеге келген.
Білімі:
2016 жыл-экономика және бизнес бакалавры, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті.
2020 жыл-экономика және бизнес магистрі, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті.
2017 жылдан бастап мемлекеттік қызметте.
Еңбек жолын "Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" ММ жинақтау-талдау жұмысы бөлімінің бас маманынан бастады.
2022 жылдан 2024 жылдың қыркүйегіне дейін "Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" ММ инвестициялық жобаларды іске асыру бөлімінің және жинақтау-талдау жұмысы бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарды.
2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап "Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" ММ басшысының орынбасары болып тағайындалды.
2025 жылғы 9 шілдеден бастап – басқарманың қайта құрылуына байланысты "Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары болып тағайындалды.
