
Ғазалиев Асқар Арстанұлы
Басқарма басшысы
Өмірбаян
1986 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.
Үш жоғары білімі бар:
2006 жылы Қазақстан-Ресей университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген;
2008 жылы Мәскеу қаласындағы Заманауи гуманитарлық академияны «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған;
2016 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Электроэнергетика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2006 жылы «БанкТұран Алем» АҚ-да менеджер лауазымынан бастаған. 2008 жылдың маусым айына дейін аталған банкте түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.
2009 жылдан бастап мемлекеттік қызметте.
2009 жылдың сәуірінен 2010 жылдың қаңтарына дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік несиелеу басқармасында бас сарапшы;
2010 жылдың қаңтарынан 2013 жылдың қыркүйегіне дейін – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде әртүрлі лауазымдарда;
2013 жылдың қазанынан 2023 жылдың қаңтарына дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған;
2023 жылдың ақпанынан 2024 жылдың желтоқсанына дейін – Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Нақты сектор және өңірлерді дамыту бөлімі өңірлік инспекторы;
2025 жылдың 9 қаңтарынан бастап – Қарағанды облысының «Өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы;
2025 жылдың 11 шілдесінен бастап – қайта ұйымдастыруға байланысты Қарағанды облысының «Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды.


