
Өмірбаян
Мен Смагулова Карлыгаш Егимбайқызы 1985 жылы 13 шілдеде Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Талды-Өзек ауылында дүниеге келдім.1992 жылы Мойынқұм ауданы Қылышбай ауылының Әлтай Төлепбергенов атындағы мектепке бардым.2002 жылы Степной ауылының №24 орта мектебін бітірдім. 2002 жылы Қырғызстан Республикасындағы «Қырғыз-Қазақ Академисяна» заңгер мамандығына оқуға түстім. 2007 жылы Алматы қаласындағы Д.Қонаев атындағы унисерситетке ауысып ,заңгер мамандығымен жоғарғы білім алып шықтым.
Еңбек жолымды 2010 жылдың қаңтар айында Степной ауылдық округі әкімі аппаратында келісім шарт бойынша әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істедім.
2012 жылдың желтоқсан айынан 2016 жылдың қазан айлары аралығы «Жастар орталығы» КММ-сінде жастармен жұмыс жүргізетін инструкторы болып жұмыс істедім. Жастар орталығынан өз еркіммен жұмыстан босатылдым.
2016 жылы 7 қарашада Степной ауылдық округі әкімі аппаратына жетекші маман есепші - кассирдің міндетін атқарушы болып жұмысқа келдім.
2017 жылдың 26 қаңтарында арнайы тексеруден өткен соң, Степной ауылдық округі әкімі аппаратында жетекші маман есепші кассирі болып тағайындалдым..
2021 жылдың желтоқсан айынан бастап Степной ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы болып ауыстырылдым.
2024 жылдың тамыз айынан бастап Степной ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып ауыстырлдым.Бүгінгі күнге дейін осы қызметті атқарудамын.


