Караджанова Бике Абдыевна

    Бас маман

    Главный специалист

    Караджанова Бике Абдыевна

    Бас маман

    Өмірбаян

    Мен Караджанова Бике Абдыевна 1970 жылы 18 қарашада Түркменістан Республикасы Дарган-Ата ауданы Седвер ауылында дүниеге келдім.

    1978 жылдың 01 қыркүйекте Түркменістан Республикасы Дарган-Ата ауданы Газ-Ачак поселогында Юрий Гагарин атындағы №11 орта мектебіне 1 сыныпқа бардым. 1988 жылы мектепті бітірдім.

    2005 жылы М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің көп салалы колледжіне сырттай түстім, қаржыгер мамандығы бойынша, 2007 жылы бітірдім.

    Еңбек жолымды 1989 жылы 01 қарашадан бастап Түркменістан Республикасы Газ-Ачак поселогында «Бахар» бала бақшасында тәрбиеші болып бастадым. 1991 жылдың 02 қыркүйегінде өз еркіммен жұмыстан босатылдым.

    1995 жылдың 13 ақпанында «Гунча» бала бақшасына тәрбиеші болып жұмысқа қабылдандым.

    2003 жылдың шілде айында Қазақстан Республикасына қоныс аударуыма байланысты жұмыстан босатылдым.

    2004-2005 жылдары Степной ауылдық округі Степной ауылының кітапханасына уақытша жұмысқа қабылдандым. 2005 жылдың 14 қазанында негізгі қызметкердің жұмысқа шығуына байланысты жұмыстан босатылдым.

    2005 жылдың 12 желтоқсанынан бастап Степной ауылының Мәдениет үйінде көркем жетекшісі ретінде жұмысқа қабылдандым. 2006 жылдың 03 сәуірінде басқа жұмысқа ауысуыма байланысты жұмыстан босатылдым.

    2006 жылдың 03 сәуірінен бастап Степной ауылдық округі әкімі аппаратында әлеуметтік қызметкер болып жұмысқа қабылдандым.

    2008 жылдың қаңтар айынан бастап іс жүргізуші болып ауыстырылдым.

    2008 жылдың 01 желтоқсанынан бастап Степной ауылдық округі әкімі аппаратына бас маманның міндетін атқарушы болып жұмысқа қабылдандым.

    2009 жылдың 30 наурызынан бастап арнайы тексеруден өткеннен кейін Степной ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып тағайындалдым. Бүгінгі күнге дейін осы қызметті атқарудамын.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері