
Өмірбаян
Мен Шуйшибекова Инкар Талабековна 1988 жылы 30 тамызда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайлаукөл ауылында дүниеге келдім.Әскери міндетті емеспін. Қазақстан Республикасының азаматымын, азаматтығымды өзгерткен жоқпын.Отбасылық жағдайым-тұрмыс құрғанмын. Жолдасым Тельгазиев Меиржан Адильбекович. Некеміз 2012 жылы 27 ақпанда қиылды.
Еңбек жолымды 2010 жылы 16 тамызда «Аспара мәнерлік өнер және бизнес» колледжінде хатшы-референт, оқу бөлімі бойынша іс-жүргізуші ретінде бастадым. 2011 жылы 01 шілде күні өз еркіммен жұмыстан босатылдым. 2014 жылы 13 қазанда Қордай ауылдық округі әкімі аппаратында бас маманның міндетін атқарушы ретінде мемлекеттік қызметке тағайындалып, 2020 жылы 27 қаңтар айына дейін жұмыс атқардым. Басқа мемлекеттік лауазымға ауысуыма байланысты 2020 жылдың 28 қаңтар айынан Степной ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалдым. Бүгінгі күнде осы қызметті атқарудамын.


