
Райымқұлов Қайрат Мирболатұлы
Ақтөбе облысы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы
Өмірбаян
Туған күні:28.10.1988 ж.
Туған жері:Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы.
Тілдерді білуі:қазақ, орыс, ағылшын тілдері.
Білімі:2010 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген;
2012 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.
2010 жылы Ақтөбе облысы қаржы басқармасының ішкі бақылау бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істеді;
2011-2012 жылдары - Ақтөбе облысының қаржы басқармасы бюджетті орындауды үйлестіру және талдау бөлімінің бас маманы;
2012-2013 жылдары - Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының кадр және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы;
2013-2015 жылдары - Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы;
2016 жылдың сәуірінде Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының өнеркәсіп бөлімінің басшысы болып тағайындалды;
2016 жылғы мамырда Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы болып тағайындалды;
2016-2017 жж. - Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының басшысы;
2017 жылы Ақтөбе облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық және талдау бөлімінің бас инспекторы, басшысы;
2017-2018 жылдары - Ақтөбе облысының қаржы басқармасы басшысының орынбасары;
2018-2020 жылдары - Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары;
2020 жылы Ақтөбе облысы кәсіпкерлік басқармасының басшысы болып тағайындалды;
2020-2021 жылдары - Ақтөбе облысы қаржы басқармасының басшысы;
2021-2023 жылдары - Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы;
2024 жылы ҚР СИМ Ақтөбе облысы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы болып тағайындалды.




