
Алиев Бағдат Исламбекұлы
«Қонаев қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы
Өмірбаян
1988 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары, 2012 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін мұнай газ ісі мамандығы бойынша, 2014 жылы «Ақмешіт» Қызылорда гуманитарлық-техникалық институтын экономика мамандығы бойынша, 2017 РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын МВА- Іскерлік басқару шебері мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2010 жылы "М Консалтинг Сервис" ЖШС- де бастаған. 2013-2019 жылдары Қызылорда облысының Энергетика және ТКШ, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларында газ инфрақұрылымын дамыту, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына мониторинг жасау, стратегиялық жоспарлау және мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау салалары бойынша - бас маман, бөлім басшысы. 2019-2022 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының бас инспекторы, Жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
Бұған дейін Астана қаласында жеке кәсіпкер ретінде құрылыс саласында жұмыс жасап келген.





