Қонаев қаласының әкімдігі

    Әкімдік туралы

    Қонаев - Алматы облысының әкімшілік орталығы

    Құрылған күні - 1970 ж.

    Қонаев қаласы әкімінің аппараты басшылық пен бақылауды, әкімдік пен облыс әкімінің ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық, кеңестік және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін қамтамасыз етеді.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Жайылымға және егістікке жер бөлінеді ме?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48 - бабының талаптарына сәйкес мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерінің жалдау құқығын беруді ауданның немесе қаланың жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырады. Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін беру осы Кодекстің 43-1 бабында белгіленген тәртіппен конкурс негізінде жүзеге асырылады. Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатушы ретінде жергілікті атқарушы орган өкілдік етеді. Жергілікті атқарушы орган жер учаскелерінің тізбесін дайындайды және хабарландыруды қалыптастырады. Жергілікті атқарушы органдар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарламаны тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында жариялауды жүзеге асырады. Жоғарыда аталған жер заңнамалары талаптарына сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарында конкурсқа шығарылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесі жарияланған күннен бастап, Қазақстан Республикасының азаматтары конкурсқа қатысу үшін өтінім берулеріне болады. Ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер учаскелері жергілікті атқарушы органдармен ұйымдастырылған конкурстар негізінде беріледі.

    Сұрақ

    Баспанаға кезекке тұру тәртібі қандай?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының (бұдан әрі -Заң) 71-бабына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алуды тұрғылықты жерi бойынша ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабының 1-тармақшасына сәйкес мұқтаждар есебінде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Осы Заңның 67-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар тұрғын үй алуға мұқтаж азаматтарды бөлек тізім бойынша есепке алады: - Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына; - Жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; -"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға -Халықтың әлеуметтiк аз қамтылған топтарына -Мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға; -Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 74-бабы 4-тармағына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға немесе жеке меншік тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге, Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына, көпбалалы аналарға, жетімтер мен ата-ана қамқорлығынсыз өскен балаларға бірінші кезекте алуға кепілдік береді.

    Ақпарат

    САУДА-САТТЫҚТЫ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

    «Қонаев қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ Қонаев қаласының коммуналдық меншігіндегі объектілерді сату бойынша электрондық сауда-саттықтың өткізілетіні туралы хабарлайды. Сауда-саттық мемлекеттік мүлік тізілімінің www.e-qazyna.kz веб-порталында өтеді.Қонаев қаласының коммуналдық меншігіндегі объектілерді сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады (бұдан әрі – Қағидалар).2026 жылғы 01 желтоқсанда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін өтетін электрондық аукционға (алғашқы сауда-саттық) коммуналдық меншіктегі келесі объект (жылжымайтын мүлік)қойылады: https://sauda.e-qazyna.kz/ru/list/342943094580000000 Теңгерім ұстаушы:«Қонаев қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Байланыс тұлғалары: 8-747-627-75-26 Объектінің орналасқан жері: Алматы облысы, Қонаев қаласы, Алматы көшесі, 5/1. № Жылжымайтын мүліктің атауы Объектінің орналасуы 1 Алматы теміржолының электрлік орталықтандыру посты Алматы облысы, Қонаев қаласы, ул. Алматинская уч, 5/1 Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарландыру жарияланған күннен басталып, аукцион басталғанға дейін екі сағат қалғанда аяқталады. Осы мерзімнен кейін қатысушылар берілген өтінімді қайтарып ала алмайды. Гарантийный взнос вносится на реквизиты единого оператора: Получатель платежа: ЖШС «Ақпараттық есеп орталығы»; БСН: 050540004455, КНП: 171; КБЕ: 16; АО «Қазақстан Халық Банкі» банкінде есепшот (IBAN/ИИК): KZ946017111000000330; БИК: HSBKKZKX.Төлем тағайындалуы: Аукционға қатысу үшін кепілдік жарна (кепілдік жарна көлеміне банк қызметтерінің төлемі кірмейді). Кепілдік жарна хабарландыруда көрсетілген нысан мен тәртіпте және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың реквизиттеріне төленеді. Кепілдік жарна қатысушы немесе қатысушы атынан кез келген басқа жеке немесе заңды тұлға арқылы төленуі мүмкін

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қонаев қаласының аумақтық сайлау комиссиясының №5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Алматы облысының Қонаев қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде тіркеуден бас тарту туралы хабарламасы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 104-бабы 6-1-тармағының 3) тармақшасының екінші бөлігіне сәйкес Айбек Серикбаевич Нуржановқа №5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қонаев қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде тіркеуден бас тартылды.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Алматы облысы Қонаев қаласы мәслихатының депутаттығына тіркелген кандидаттар (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау)

    № р/р Аты-жөні, тегі Туған жылы Жұмыс орны, лауазымы Тұрғылықты жері №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Аспандияр Санжар Бағдатұлы 2000 «Тұрғын үй» ШЖҚ МКМ, комплеанс-офицер Алматы облысы, Қонаев қаласы 2. Бекжанов Рустам Амангелдіұлы 1976 «DAMED-2020»ЖШС медициналық орталығы, директор Алматы облысы, Қонаев қаласы 3. Елемесов Жандос Нұржанұлы 1998 «Контраст» ЖШС, сатып алу менеджері Алматы облысы, Қонаев қаласы №2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Еділбай Айбол Мұхитұлы 1987 "Қонаев Су Арнасы" МКК, бас инженер Алматы облысы, Қонаев қаласы 2. Қалтай Айдар Айбекұлы 2003 «VOSTOK» ЖК, директор Алматы облысы, Қонаев қаласы 3. Ракишева Айман Галымжанқызы 1970 «Қалалық көпсалалы аурухана» ШЖҚ КМК, директор Алматы облысы, Қонаев қаласы №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Калиев Ринат Ерболұлы 1982 «Жасыл кала»ЖШС, директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Алматы облысы, Қонаев қаласы 2. Серікжанұлы Тлеубек 1989 «Қонаев Көркейту» ШЖҚ КМК, инвестициялық менеджер Алматы облысы, Қонаев қаласы 3. Утебеков Серік Әділбекұлы 1984 "Қонаев Су Арнасы" МКК, бас энергетик Алматы облысы, Қонаев қаласы №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1 Сарсенбаев Нұрлан Абдрахманұлы 1975 «Дас Логистикс» ЖШС, логист Алматы облысы, Қонаев қаласы 2. Салыкова Лязят Иманғалиқызы 1981 «Қамқор жүрек» қоғадық бірлестігі, төраға Алматы облысы, Қонаев қаласы 3. Туктыбаев Саматбек Мұратбекұлы 1984 «DIAR» ЖК, директор Алматы облысы, Қонаев қаласы №5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Қашаганов Ерлан Темирғалиұлы 1981 «КАМКОР и К» ЖШС, директор Алматы облысы, Қонаев қаласы 2. Ли Игорь Витальевич 1990 «BESTAM CORPORATION»ЖШС, IT-маман Алматы облысы, Қонаев қаласы 3. Тулегенова Баян Оразбекқызы 1973 «БЕКЖАН и К" ЖШС, менеджер Алматы облысы, Қонаев қаласы №6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Ахметова Бағдат Халыққызы 1975 "Қонаев қызмет" басқарушы компания, іс-жүргізуші Алматы облысы, Қонаев қаласы 2. Ахметова Қарлығаш Камалқызы 1995 "Қонаев қызмет" басқарушы компания, директор Алматы облысы, Қонаев қаласы 3. Наурызбаева Жұлдыз Аманжолқызы 1994 «Малыш» балабақшасы, тәрбиеші Алматы облысы, Қонаев қаласы №7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Абдувалиев Мухамед Хамзаұлы 1983 "Түркістан Құрылыс" ЖШС, жобалау маманы Алматы облысы, Қонаев қаласы 2. Байболатов Ержан Мекенбайұлы 1985 «Қапшағай аймағының газ жүйелері» ЖШС, бас директордың орынбасары Алматы облысы, Қонаев қаласы 3. Ералы Айсұлу Берікболқызы 1998 "Жылу орталығы" ШЖҚ КМК, маман Алматы облысы, Қонаев қаласы №8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Диловаров Рафик Александрович 1980 "R&M Capital Construction" ЖШС, директордың орынбасары Алматы облысы, Қонаев қаласы 2. Жамбулов Берік Нурғалиұлы 1979 "Қонаев Су Арнасы" МКК, директор Алматы облысы, Қонаев қаласы 3. Ильиных Светлана Анатольевна 1970 "R&M Construction" ЖШС, заңгер Алматы облысы, Қонаев қаласы №9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Ибрагим Молдир Ахметалиқызы 1997 Сарыбұлақ ауылының №8 ОМ, тарих пәнінің мұғалім Алматы облысы, Қонаев қаласы 2. Мусабеков Қанат Қинаятұлы 1990 «Кернеу –К» ЖШС, құрылтайшы Алматы облысы, Қонаев қаласы 3 Мухтарова Рано Мухтарқызы 1980 "Қонаев Су Арнасы" МКК, кадр бөлімінің басшысы Алматы облысы, Қонаев қаласы №10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Дүйсенбаев Берік Фатықұлы 1981 «Әділет» партиясының Қонаев қалалық филиалы, филиал басшысы Алматы облысы, Қонаев қаласы 2. Серікбаев Еркебұлан Уразбайұлы 1994 «Қонаев Су Арнасы» МКК, сату бөлімінің аға қызметкері Алматы облысы, Қонаев қаласы 3. Тоқтамысов Саяхат Азимханұлы 1985 «Adal Stroy Snab» ЖШС, сатып алу менеджері Алматы облысы, Қонаев қаласы №11 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Алпысбаева Жазира Қаразқызы 1998 «Қонаев Көркейту» ШЖҚ КМК, кеңсе менеджері Алматы облысы, Қонаев қаласы 2. Мирзоев Рафик Ясын оглы 1970 "Barbang.info" ақпараттық портал, бас редактор Алматы облысы, Қонаев қаласы 3. Шоқан Ержан Сәрсенбайұлы 1983 "Жылу орталығы" ШЖҚ КМК , маман Алматы облысы, Қонаев қаласы №12 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Забродин Сергей Иванович 2004 Сарыбұлақ ауылының №8 ОМ, информатика пәнінің мұғалім Алматы облысы, Қонаев қаласы, Сарыбулак ауылы 2. Смагулов Бауыржан Арсенұлы 1987 «AGRO-FOOD» ЖШС, техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер Алматы облысы, Қонаев қаласы, Шеңгелді ауылы 3. Шаншарбаев Бауыржан Таңсаулеұлы 1979 «Племзавод «Алматы» АӨК, басқарушы директор Алматы облысы, Қонаев қаласы, Шеңгелді ауылы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған қазақстан республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында қалалар мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Қалалар мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері белгіленсін: 1) бағдарламаны теледидар, радио арқылы баяндауға және мерзімді баспасөз немесе желілік басылымдарында екі мақала жариялауға – 400 000 (төрт жүз мың) теңге; 2) сайлау алдындағы жария іс-шараларын өткізуге және кандидаттардың үгіт материалдарын шығаруға – 170 000 (жүз жетпіс мың) теңге; 3) көліктік шығыстарға - 80 000 (сексен мың) теңге. Осы қаулы астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың сайлау комиссияларына жіберілсін. Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың сайлау комиссиялары осы қаулыны аумақтық және округтік сайлау комиссияларының, қалалар мәслихаттарының депутаттығына бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша тіркелген кандидаттардың назарына жеткізсін. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын. Төраға Н. Әбдіров Хатшы Ш.Өтемісов Астана қаласы 2026 жылғы 26 қазан № 66/116

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Ақпараттық материалдар

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қонаев қаласы аумақтық сайлау комиссиясының №11 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Алматы облысының Қонаев қаласы мәслихатының депутаттығына кандидатураны алып тастау туралы хабарламасы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 105-бабы 1-тармағының 2-бөлігіне сәйкес Қанат Еркінбайұлы Азаматов, Азиз Ясынұлы Илиев, Гүлмира Аскарқызы Ахметова № 11 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Алматы облысының Қонаев қаласы мәслихатының депутаттығына өз кандидатураларын алып тастады.

    Жарияланды: