
Азикенов Бекжан Қанатұлы
Қонаев қаласы әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1987 жылы 12 мамырда Алматы облысы Талғар қаласында дүниеге келген . Білімі-жоғары,2008 жыл-Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, 2013 жыл – Орталық Азия университеті, 2019 жыл-Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті.
Еңбек жолын Еңбекшіқазақ ауданының Жылжымайтын мүлік жөніндегі тіркеу және құқықтық көмек орталығының жүргізушісі болып бастады. Әр жылдары Еңбекшіқазақ ауданының Жылжымайтын мүлік бойынша тіркеу және құқықтық көмек орталығы РМҚК мұрағат бөлімінің маманы, Алматы қаласы бойынша ҚСжАЕКБ бас маманы, Алматы облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері басқармасының жетекші маманы, Талғар ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы, Алматы облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істерінің мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы қызметтерін атқарды.





