Қалмұхамбетов Қуаныш Бекенұлы

    Руководитель отделения

    Қалмұхамбетов Қуаныш Бекенұлы
    Руководитель отдела

    Қалмұхамбетов Қуаныш Бекенұлы

    Руководитель отделения

    Өмірбаян

    Қалмухамбетов Қуаныш Бекенұлы, 1985 жылы 24 маусымда Алматы облысы Ақсу ауданының Жансүгіров аулында дүниеге келген.
    2008 жылы Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Аңшылық және аң шаруашылығы мамандығы бойынша (грант) тәмәмдап, 2010 жылы Талдықорған қаласындағы Қазақ Еңбек және Әлеуметтік Қатынастар Академиясына түсіп, 2012 жылы құқықтану мамандығын алған.

    2010 жылдан Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында 2015жылдың маусым айына дейін қызмет атқарған. 2017 жылдың қаңтар айынан Ақсу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 2017 жылдың желтоқсан айына дейін қызмет атқарған. 2018 жылдың қаңтар айынан Ақсу ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында 2020 жылдың тамыз айына дейін қызмет етті. 2020 жылдың тамыз айынан « Казсушар» РМК Алматы филиалы Ақсу өндірістік учаскесінде заңгер болып, 2021 жылдың қаңтар айына дейін қызмет атқарды. 2021 жылдың сәуір айынан 2021 жылдың қыркүйек айына дейін Ақсу ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің бухгалтерлік есеп және біріңғай мемлекеттік сатып алу бөлімшесінің статист және архивариус болып істеді. 2021 жылдың қыркүйек айынан Ақсу ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің жалпы бөлімшесінің бас маманы. 2021 жылдың желтоқсан айынан Ақсу ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімшесінің басшысы қызметін атқаруда.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері