
Нұрахметов Берік Тұрсынбайұлы
Есеболатов ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Нұрахметов Берік Тұрсынбайұлы 1965 жылдың 9 қаңтарында Алматы облысы Ақсу ауданы Діңгек ауылында дүниеге келдім. 1972 жылы осы ауылдағы Н.Есеболатов атындағы орта мектебінің 1-ші сыныбына қабылданып , 1982 жылы 10 сыныпты аяқтадым. «Ақсу АТП» жанындағы алты айлық көлік жүргізушісі курсынан кейін Діңгек совхозында автокөлік жүргізушісі болып жұмыс атқардым. 1983-1985 жылдары совет әскері қатарындағы борышымды атқардым. 1985жылдың күзінде Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының дайындық курсына тыңдаушы, 1986 жылы аталған институттың физика-математика факультетінің 1-курсына қабылдандым. 1991 жылы Қаз МПУ –дің физика – информатика пәні мұғалімі дипломын алдым. 1991-1992 жылдары аталған университеттің жалпы физика кафедрасында инженерлік қызмет атқардым.
1992-1999 жылдары Жансүгіров кентіндегі кәсіптік училищеде информатика пәні мұғалімі, 2000-2003 жылдары Е.Сиқымов атындағы орта мектепте физика пәні мұғалімі. 2003-2005 жылдары аудандық білім бөлімінде жетекші маман, әдістемелік кабинет меңгерушісі болдым. 2005-2008 жылдары аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ кеңесінің төрағасы. 2008 -2012 жыл аралықта Н.Есеболатов атындағы орта мектеп директоры. 2012 – 2019 жылдар аралығында Қ.И.Сатпаев атындағы мектеп гимназиясының директоры. 2019 жылдың 25 желтоқсанынан бастап Н.Есеболатов ауылдық округінің әкімі қызметіндемін.





