
Хайдар Арман Ермекұлы
Зеренді ауданы әкімі аппаратының басшысы
Өмірбаян
Хайдар Арман Ермекұлы, 1989 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Амангелді ауылының тумасы.
Білімі жоғары:
2010 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «Мемлекеттік жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2014 жылы Орталық Қазақстан академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолы:
2010 жылы Зеренді ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінде салықтар жөніндегі маманның көмекшісі болып еңбек жолын бастаған.
2011–2014 жылдары – Ақмола облыстық филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Зеренді бөлімінің инспекторы, кеңесшісі.
2014–2015 жылдары – Зеренді ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы.
2015–2020 жылдары – Зеренді ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтерді мониторингтеу және БАҚ-пен жұмыс бөлімінің бас маманы, кейін бөлім басшысы.
2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында – Ақмола облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының өңірлерді дамыту бөлімінің басшысы.
2020–2022 жылдары – Көкшетау қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтерді көрсету талдау бөлімінің басшысы.
2022–2024 жылдары – Ақмола облысы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас маман-инспекторы.
2024 жылдың ақпан айынан бастап – Зеренді ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің басшысы.

