
Құрманғожин Әсет Асылбекұлы
Зеренді ауданының әкімі
Өмірбаян
Құрманғожин Әсет Асылбекұлы 1988 жылы Зеренді ауылында туған, қазақ, білімі жоғары, 2009 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін «экономика бакалавры» аяқтады.
Еңбек жолын 2010 жылы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде статист болып бастады.
2011 - 2012 жылдары - Зеренді ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы.
2012 жылдың наурызынан шілде айына дейін - Ақмола облысы бойынша қазынашылық департаментінің бас маманы.
2012 - 2015 жылдары – Зеренді ауданының экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары, сектор меңгерушісі.
2015 – 2016 жылдары – Зеренді ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы.
2016 – 2022 жылдары – Зеренді ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
2022 – 2023 жылдары – Зеренді ауданы әкімінің орынбасары.
2024 – 2025 жылдары – Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары.
Өткізілген сайлау нәтижелері бойынша 2025 жылғы 15 м аусымда Зеренді ауданының әкімі болып сайланды.



