
Дәукенов Ермек Қуандықұлы
Аудан әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Дәукенов Ермек Қуандықұлы — 1992 жылы Ақмола облысының Ақкөл қаласында дүниеге келген.
Бiлiмі жоғары.
2013 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Экономика және бизнес бакалавры» мамандығы бойынша тәмамдаған;
2014 жылы Қазақстан экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «Экономика және бизнес магистрі» мамандығы бойынша аяқтаған;
2016 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «Құқық бакалавры» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2014 жылы «Тұлпар – Тальго» ЖШС-де слесарь болып бастаған.
2014–2015 жылдары – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Ақкөл филиалының, «Атамекен» ҰКП Ақмола облысы бойынша маманы.
2016–2017 жылдары – Ақкөл ауданы әкімі аппаратының кадрлық басқару қызметінде іс жүргізуші, бас маман.
2017–2019 жылдары – Ақмола облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас маман-инспекторы, бас инспекторы.
2019–2021 жылдары – Степногорск қаласы әкімі аппаратының басшысы.
2021–2025 жылдары – Ақкөл ауданы әкімі аппаратының басшысы.
2025 жылғы 2 қыркүйектен Зеренді ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

