
Өмірбаян
Құдайбергенов Рүстем Құдайбергенович 1979 жылы 16 қаңтарда Қарағанды облысы, Егіндібұлақ ауданы, Егіндібұлақ ауылында дүниеге келген . 1995 ж. Егіндібұлақ ауылының № 2 орта мектебін аяқтады. 2002 ж. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, оны 2007 ж. тарих, құқық және экономика негіздері мұғалімі мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 1998 ж. «Азия-trade» ЖШС дүкенінде күзетші болып бастады. 2001-2002 жылдары “Карагандашахтопроходка» ЖШС әр-түрлі жұмыс атқарушы болып жұмыс істеді. 2002-2004 жылдары “Вершина» ЖШС құрылыс бригадасының бригадирі қызметін атқарды. 2004-2006 жж. аралығында Қарағанды қ. «Эмир-групп» ЖШС құрылыс бригадасының бригадирі қызметін атқарды. 2008 жылдан бастап 2013 жылға дейін Осакаров ауданы Сарыөзен ауылының НМ тарих және құқық пәні мұғалімі болып жұмыс істеді. 2013 жылы “Звездное ауылының №18 ОМ» КММ директоры лауазымына ауысуына байланысты жұмыс орны ауысып Осакаров ауданының Звездное ауылына көшіп келді. 2015 жылдың қазанынан бастап 2019 жылдың 1 қазанына дейін Звездное ауылдық округінің әкімі лауазымында жұмыс істеді. 2019 жылы 1 қазанында жұмыс мерзімінің аяқталуына байланысты жұмыстан босатылды. Өз кандидатурасын жаңа мерзімге қайта ұсынып , 2019 жылдың 3 қазанынан бастап Звездное ауылдық округі әкімінің м.а. болып тағайындалды. Қазіргі уақытта осы лауазымда жұмыс істеп келеді.
Қосымша жұмыс:
2011-2013 жылдарыОшағанды ауылы тарих пәнінің мұғалімі, 2011-2012 жылдары Сарыөзен ауылында әлеуметтік қызметкер, 2015-2017 жылдары Звездное а/о № 18 ОМ тарих пәнінің мұғалімі.
Отбасылық жағдай: үйленген , 5 баласы бар.





