
Рахымғалиев Нұрлан Өмірғалиұлы
ҚР ҚМ Ішкі аудит департаментінің директоры
Өмірбаян
Семей қаласында дүниеге келген.
1992 жылы Семей қаржы-экономикалық техникумын «Қаржыгер» мамандығы бойынша;
1999 жылы Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қаржы және несие, экономист» мамандығы бойынша;
2002 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
1992 жылдан 2000 жылға дейін - Семей қаласы бойынша Мемлекеттік салық инспекциясының жанама салықтар бөлімінің, заңды тұлғалар аудиті бөлімінің бас салық инспекторы
2000 жылдан 2002 жылға дейін - Семей қаласы бойынша Мемлекеттік салық Комитетінің заңды тұлғалар аудиті бөлімінің бастығы
2002 жылдан 2005 жылға дейін - Семей қаласы бойынша Салық Комитеті төрағасының орынбасары
2005 жылдан 2006 жылға дейін - Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық Комитетінің басқарма бастығы
2006 жылдан 2007 жылға дейін - Коммерциялық құрылымдарда қаржы директоры
2007 жылдан 2009 жылға дейін - Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық Комитетінің салық аудиті басқармасының бастығы
2009 жылдан 2013 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық Комитетінің ҚҚС әкімшілендіру басқармасының бастығы
2013 жылдан 2014 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық Комитетінің ҚҚС әкімшілендіру басқармасының басшысы
2014 жылдан 2015 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер Комитеті Бақылау Департаментінің Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы
2015 жылдан 2017 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер Комитеті Салық төлеушілермен жұмыс басқармасының басшысы
2017 жылдан 2020 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Аппеляция департаменті директорының орынбасары
2020 жылдан 2024 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Аппеляция департаментінің директоры
2024 жылдан 2025 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы
2025 жылғы мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы қаржы Министірлігі Ішкі аудит департаментінің директоры





