
Бекмолдин Олжас Мақсатұлы
Аким Акжальского сельского округа
Өмірбаян
Семей облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында 1989 жылы дүниеге келген. 1996 жылы қазіргі Жарық ауылдық округінің Қызылқайың ауылында мектеп табалдырығын аттаған,
2007 жылы Қалбатау ауылының Георгиевка атындағы орта мектебін бітірді.
Білімі жоғары, 2007 - 2011 жылдары Семей қаласындағы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде студент, мамандығы «Мемлекеттік және жергілікті басқару».
Еңбек жолын 2011 жылы Жарма ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық жұмыстар бөлімінде бас маман болып бастап, 2012-2013 жылдары Жарма ауданының Делбегетей ауылдық округінде бас маман, 2013-2020 жылдары Жарма ауданының тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушы тасымалдау көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің бас маманы, 2020-2023 жылы Ақжал ауылдық округінің бас маманы 2023 жылдың наурыз айынан бүгінгі күнге дейін Жарма ауданы әкімі аппаратының песоналды басқару бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды. Жарма ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 10 желтоқсандағы шешімі бойынша Абай облысы Жарма ауданы Ақжал ауылдық округінің әкімі лауазымына сайлады.




