
Өмірбаян
1992 жылғы 13 қазанда Алматы облысы Текелі қаласында дүниеге келген.
Жоғары білімі бар. 2011 жылы Гуманитарлық-экономикалық колледжді «Қаржы» мамандығы бойынша, 2015 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2011 жылы Текелі қалалық пошта байланысы торабының байланыс операторы қызметінен бастаған. Кейін Текелі қалалық пошта байланысы торабының сақтандыру учаскесінің бастығы қызметін атқарған.
2013–2014 жылдары Текелі қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде инспектор болып жұмыс істеген.
2014–2019 жылдары Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде түрлі лауазымдарды атқарған.
2019–2023 жылдары Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында бас маман, кейін бөлім басшысы қызметтерін атқарған.
2023–2025 жылдары Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында бас маман қызметін атқарған.
2025–2026 жылдары Алматы облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы қызметінде болған.
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Алматы облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы болып тағайындалды.





