
Өмірбаян
1975 жылы 8 қарашада Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Алматы қаласындағы Қазақ Академиялық университетінің «экономист» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 1994 жылы облыстық халықты әлеуметтік қорғау басқармасының зейнетақы қоры істері бойынша бөлімінің ІІ санатты маманы қызметінен бастаған.
1995-2001 жылдар аралығында Қалалық халықты әлеуметтік қорғау басқармасының әлеуметтік көмек бөлімшесінің І санатты қызметкері, аға маманы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бас басқармасының жетекшi маманы, бас маманы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің әлеуметтік саясат және болжау бөлімінің бас маманы, ал 2004-2013 жылдары облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының әлеуметтік саяси бөлімінің бас маманы, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің әлеуметтік нормалау және әлеуметтік көмек бөлімінің бас маманы, әлеуметтік мекемелер қызметін үйлестіру бөлімінің бастығы, медициналық-әлеуметтік мекемелер мен ұйымдарды лицензиялау және әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының медициналық-әлеуметтік мекемелер мен ұйымдарды лицензиялау және әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінің және әлеуметтік көмек бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.
2013 – 2023 жылдар аралығында Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік көмек бөлімінің басшысы, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» комуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін абыроймен атқарып келеді.





