Әбдікәрімов Мейрамбек Жақсылықұлы

    Мекеме директоры

    Әбдікәрімов Мейрамбек Жақсылықұлы
    Директор

    Әбдікәрімов Мейрамбек Жақсылықұлы

    Мекеме директоры

    Өмірбаян

    Әбдікәрімов Мейрамбек Жақсылықұлы, 1976 жылы 27 сәуірде Қызылорда қаласында дүниеге келген.

    Білімі жоғары. 1995 жылы Қызылорда кооператив техникумына аталған техникумның «Бухгалтерлік есеп, бақылау және шаруашылықты ұйымдастыру» курсы бойынша «Бухгалтер» мамандығын, 1999 жылы Қарағанды экономикалық университетіне Қаржы менеджері» мамандығын, 2014 жылы Болашақ университетінің «информатика» мамандығын бітірген.

    Отбасылы , 6 баласы бар.

    Еңбек жолын 1996 Облыстық халықты әлеуметтік қорғау басқармасының маманы, жетекші маманы, бас маманы болудан бастаған.

    2001-2007 жылдар аралығында Облыстық халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бөлімінің бастығы, 2007-2012 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының әлеуметтік саяси бөлімінің бас инспекторы, қаржы шаруашылық бөлімінің бас инспекторы, меңгерушісі, әлеуметтік бағдарламаларды талдау және мониторинг секторының бас инспекторы лауазымын атқарған.

    2012-2020 жылдар аралығында Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Мүгедектерге арналған оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, 2020-2022 жж Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары.

    2022-2023 жылдар аралығында Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы» КММ директоры.

    2023 жылдың қазан айынан бастап «№2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ директоры болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері