
Өмірбаян
ӨМІРБАЯН
Мен, Ысқақова Раушан Жәдігерқызы 16.03.1969 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келгенмін. Білімім жоғары. 2008 жылы Қызылорда «Болашақ» университетін «Педагогика және психология» мамандығы бойынша бітірдім. Еңбек жолымды 1993 жылы балабақшада тәрбиеші болып бастадым.
2000-2005 жылдар аралығында білім бөлімініе қарасты мекмелерде жұмыс жасадым.
2005-2015 жылдар аралығында Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Балаларға арналған психоневрологиялық интернат үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мұғалім-дефектолог, әдіскер болып еңбек еттім.
2015-2023 жылдар аралығында:
- Қызылорда қаласының психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі;
- Қызылорда қалалық білім бөліміне қарасты «Сыр еркесі» балабақшасының меңгерушісі.
Қазіргі таңда Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымын атқарудамын.
2021 жылы Қызылорда қалалық Мәслихатының VII шақырылым депутаты болып сайландым, «AMANAT» партиясының мүшесімін. 2023 жылы Қызылорда қалалық Мәслихатының VIII шақырылым депутаты болып қайта сайландым.
Қызылорда қаласына 200 жыл төсбелгісінің иегерімін.
Отбасылымын. 1 ұл, 3 қыз, 4 немере тәрбиелеп отырмын.




