
Алёнов Марат Болатұлы
Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары
Өмірбаян
Марат Болатұлы Алёнов 1968 жылы Семей қаласында дүниеге келген.
Білімі-жоғары. 2000 жылы «экономист-қаржыгер» мамандығы бойынша Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін бітірген.
1992–2010 жж. - Семей және Алматы қалаларындағы жеке кәсіпорындар мен инвестициялық компанияларда директор, басқарушы директор қызметін атқарған.
2011–2013 жж. - Семей қаласының көпсалалы пайдалану кәсіпорнының директоры, Құрылыс бөлімінің басшысы және Қала әкімі аппаратының басшысы.
Мемлекеттік қызметте 2015–2018 жж. - Семей қалалық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТҮКШ), жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы (оған дейін сектор меңгерушісі, орынбасар).
2023 жылғы 19 желтоқсаннан бастап қазіргі уақытта - Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары.

