
Нұрлыбек Айман ᅠ
Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысы
Өмірбаян
Нұрлыбек Айман 1989 жылы 13 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында дүниеге келген.
2008 жылы Өскемен қаласының экономика және қаржы колледжін «бағалау» мамандығы, 2011 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасында статист болып бастаған.
2008-2020 жылдары ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы агроөнеркәсіптік кешен және ауылдық аумақтар бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, стратегиялық жоспарлау бөлімінің бас маманы, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, ішкі және жастар саясаты бөлімінің бас маманы, экономиканың базалық салалары және туризм бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы, Семей қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және жәрдемдесудің белсенді шаралары және бақылау секторының меңгерушісі;
2020-2022 жылдары Семей қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары;
2022-2024 жылдары Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары;
2024 жылғы 8 сәуірден бастап Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы.

