Довганюк Сергей Геннадьевич

    Тауар номенклатурасы және кедендік мониторинг басқармасының басшысы

    Довганюк Сергей Геннадьевич
    Басқарма басшысы

    Довганюк Сергей Геннадьевич

    Тауар номенклатурасы және кедендік мониторинг басқармасының басшысы

    Өмірбаян

    1973 жылғы 8 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Білімі: 1995 ж. – Қазақ Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институты, «орман және саябақ-парктік шаруашылық» мамандығы бойынша орман шаруашылығы инженері. 1998 ж. – Талдықорған заң институты, «құқықтану» мамандығы бойынша заңгер.

    Еңбек қызметі:

    1995-1996 жж. – Іле Алатауы орман шаруашылығы өндірістік бірлестігінің аңшылықтанушысы;

    1996 ж. – Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Кеден басқармасының «Темір жол-Терминал» кеденінің кедендік күзет және режим бөлімінің инспекторы;

    1996-1999 жж. – «Темір жол-Терминал» кеденінің экспорт-импорттық операцияларды бақылау бөлімінің инспекторы, кейін Алматы қаласы бойынша Кеден басқармасының аталған бөлімінің аға инспекторы;

    1999-2002 жж. – Алматы қаласы бойынша Кеден басқармасы және Бас кеден басқармасының кедендік күзет және режим бағыты бойынша инспекторы, аға инспекторы;

    2002-2003 жж. – Алматы қаласы бойынша Кеден басқармасының кедендік ресімдеу бөлімінің аға инспекторы, бас инспекторы, кейін «Алматы — орталық кедендік ресімдеу» кеден бекеті кедендік ресімдеу қызметінің бас инспекторы;

    2003-2004 жж. – Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтармен күрес басқармасының кедендік күзет және режим бөлімінің жедел-кезекшілік қызметінің инспекторы;

    2004-2006 жж. – «Алматы — орталық кедендік ресімдеу» кеден бекеті кедендік ресімдеу қызметінің аға маманы, кейін кедендік бақылауды ұйымдастыру бөлімінің аға маманы;

    2006-2008 жж. – Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің пост-кедендік бақылау басқармасының, кедендік режимдер және кедендік режимдерді бақылау бөлімдерінің маманы;

    2008-2010 жж. – Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Атакент», «Жетісу» және «Алматы — орталық кедендік ресімдеу» кеден бекеттерінің маманы;

    2010-2011 жж. – Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті кедендік кірістер басқармасының тарифтік реттеу және кедендік құн бөлімінің маманы;

    2011 ж. – Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті кедендік кірістер басқармасының тауар номенклатурасы және тауардың шығарылған елі бөлімінің бас маманы;

    2011-2013 жж. – Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Алматы — орталық кедендік ресімдеу» кеден бекетінің маманы, кейін бас маманы;

    2013-2015 жж. – Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті / Мемлекеттік кірістер департаментінің «Алмалы — орталық кедендік ресімдеу» кеден бекетінің бас маманы міндетін атқарушы, кейін бас маманы;

    2015-2017 жж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тауар номенклатурасы және тауардың шығарылған елі басқармасының бас маманы;

    2017-2019 жж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тарифтік реттеу басқармасы тауарлар жіктемесі бөлімінің бас маманы;

    2019-2022 жж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тарифтік реттеу басқармасы тауарлар жіктемесі бөлімінің басшысы;

    2022-2023 жж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тарифтік реттеу басқармасының басшысы;

    2023 ж. – қазіргі уақытқа дейін – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тауар номенклатурасы және кедендік мониторинг басқармасының басшысы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері