Успанов Нурлыбек Булатович

    Жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларды басқару басқармасы басшысы

    Успанов Нурлыбек Булатович
    Басқарма басшысы

    Успанов Нурлыбек Булатович

    Жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларды басқару басқармасы басшысы

    Өмірбаян

    1989 жылғы 25 мамырда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Білімі: 2011 ж. – Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, экономика және бизнес бакалавры.

    Еңбек қызметі:

    2012-2013 жж. – Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша Салық басқармасының жеке кәсіпкерлермен жұмыс бөлімінің бас маманы міндетін атқарушы, кейін бас маманы — бас салық инспекторы;

    2013-2015 жж. – Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша Салық басқармасы / Мемлекеттік кірістер басқармасының жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы — бас салық инспекторы, кейін бас маманы;

    2015 ж. – Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің бас маманы;

    2015-2018 жж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Жетісу» кеден бекетінің бас маманы;

    2018 ж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы ҚҚС салық аудиті бөлімінің бас маманы;

    2018 ж. – Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Алтынкөл» кеден бекетінің бас маманы;

    2018-2022 жж. – «Азаматтарға арналған мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы директорының орынбасары;

    2022 ж. – «Астана бас жоспары ғылыми-зерттеу жобалау институты» ЖШС басшысы;

    2022 ж. – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы РМК гараж меңгерушісі;

    2022-2023 жж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы акциздерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы міндетін атқарушы, кейін бас маманы;

    2023 ж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Камералдық мониторинг басқармасының №3 камералдық мониторинг бөлімінің басшысы;

    2023 ж. – қазіргі уақытқа дейін – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Дара кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларды әкімшілендіру басқармасының басшысы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері