
Жиенбаев Жанат Қайратұлы
«Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нің басшы орынбасары.
Өмірбаян
1989 жылы 18 наурызда Қостанай облысы Арқалық қаласында туған. Ұлты - қазақ.
Екі жоғары білімі бар, 2014 жылы «Болашақ» Қарағанды университетін «Құқықтану» маманыдығы бойынша, 2021 жылы - Орталық Қазақстан Академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 2011 жылы Қарағанды облысының мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі соты кеңсесінің сот приставы ретінде бастаған. 2012 жылдың сәуірінен бастап 2018 жылдың наурызына дейін аралығында «Арқалық қаласы бойынша салық басқармасы» ММ бас маманы, «Арқалық қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығы және өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы лауазымын атқарған.
2018 жылдың наурызынан бастап 2025 жылдың наурызы аралығында Алтынсарин ауданы әкімінің орынбасары, «Сарыкөл ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ- нің басшысы, Сарыкөл ауданы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарған.
2026 жылдың наурызынан бастап «Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нің автомобиль жолдары және жол инфрақұрылымын дамыту бөлімінің бас маманы лауазымын атқарды. 2026 жылдың 25 мамырынан бастап Басқарма басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

